Қазақстан U-21 – Андорра U-21 матчының аккредитациясы

Қазақстан U-21 – Андорра U-21 матчының аккредитациясы

21 мамыр 2025, 13:00
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі 2027 жылғы жастар құрамалары арасындағы Еуропа чемпионатының Қазақстан U-21 – Андорра U-21 іріктеу матчында жұмыс істеу үшін аккредитацияға өтініш қабылдауды бастады.

Аккредитация алу үшін журналистің аты-жөні, жеке куәлігі мен байланыс нөмірі жазылған, бұқаралық ақпарат құралы жетекшісінің қолы мен мөрі қойылған ұсынымды (ресми бланк) баспасөз қызметінің электронды поштасына press@kff.kz жіберу керек. Сонымен қатар, матча жұмыс істейтін БАҚ өкілдерінің қызметі (журналист, фотограф, тв, радио) көрсетілуі тиіс.

Қазақстан мен Андорра жастар құрамалары арасындағы кездесу 5 маусым күні өтеді. Ойын Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында 19:30-да басталады.

Аккредитацияны 4 маусымда «Астана Аренадан» алуға болады.

Байланыс үшін: +7 777 837 8487 (Данияр), e-mail: press@kff.kz

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары