Алияр Мұхамед: «Беларусь – физикалық тұрғыдан мықты команда, бірақ біз дайынбыз»

Алияр Мұхамед: «Беларусь – физикалық тұрғыдан мықты команда, бірақ біз дайынбыз»

04 маусым 2025, 13:12
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алияр Мұхамед Беларусь құрамасына қарсы өтетін жолдастық кездесуге арналған баспасөз мәслихатында тілшілердің алдағы ойын жайлы сауалдарға жауап берді.

– Алияр, ұлттық құрамадан шақырту алғаныңды қалай білдің?

– Маған ұлттық құраманың әкімшісінен хабарлама келді. Бұл – мен үшін үлкен жауапкершілік, алда болатын матчтарға бар күшімді салуға дайынмын.

– Беларусь құрамасын зерделеп көрдің бе?

– Беларусь – физикалық тұрғыдан мықты команда, бірақ біз дайынбыз. Жақсы ойын болады деп үміттенемін.

– Сырт келбетің жас Криштиану Роналдуға ұқсайды. Сүйікті шабуылшың немесе кумирің бар ма? Қай футболшыға қарап бой түзейсің?

– Сұрағыңызға рақмет. Менің ойымша, бұл – Златан Ибрагимович. Ол өте харизматикалық және физикалық тұрғыдан мықты футболшы.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары