Бастауыш сыныптар арасында футболдан республикалық «Балдәурен» турнирі басталды

Бастауыш сыныптар арасында футболдан республикалық «Балдәурен» турнирі басталды

01 маусым 2025, 16:58
1 маусым - халықаралық балаларды қорғау күніне орай ҚФФ үйінде Қазақстан футбол федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан турнирге Астана, Алматы қалалары мен Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу және Батыс Қазақстан облыстарынан 2-4 сынып оқитын 250-ден астам бала қатысты.

Турнирдің ашылу салтанатына бұқаралық футбол департаментінің директоры Никита Мозговой мен ұлттық дене шынықтыру ғылыми-тәжірибелік орталығының басшысы Арман Ташметов қатысып, жас футболшыларға сәттілік тіледі. Кейін әр командаға федерация атынан футбол добының жиынтығы сыйға берілді.

Сайыс футболға алғаш қадам басқан ең жас ойыншыларға  қызықты атмосфера қалыптастыруға бағытталған. Бұқаралық балалар футболын дамыту, ерте жастан спортқа қызығушылықты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. 

Айта кету керек, «Балдәурен» турнирі 6 маусымға дейін жалғасады.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары