Геннадий Скуртул мен Руслан Балтиев Талғардағы ұлттық құрамалар базасына жұмыс сапарымен барды
01 маусым 2025, 14:09

Сапар барысында ҚФФ өкілдері базаның инфрақұрылымымен және қазіргі жағдайымен танысып, Қазақстан U-16 құрамасының ФИФА техникалық кеңесшісі Стюарт Холл және U-17 құрамасының аға жаттықтырушысы Бауыржан Сағындықпен кездесулер өткізді.
Ерекше назар жасөспірімдер құрамаларын дамыту, ойыншыларды дайындау және ұлттық құрамалар жүйесінде сабақтастықты тиімді қалыптастыру мәселелеріне аударылды.
Сапар кезінде Скуртул мен Балтиев Қазақстан U-16 және U-17 құрамалары арасындағы бақылау матчына да қатысты. Ойын қорытындысы бойынша ҚФФ өкілдері жас футболшылардың жетістіктерін жоғары бағалап, екі құраманың жаттықтырушыларына қолдау білдірді және алдағы халықаралық кездесулерде сәттілік тіледі.
Жаңалықтар
29 мам., 15:28
29 мам., 15:28
27 мам., 19:51