Zhuldyz League: жас футболшы қыздар үшін медиа мен спорттағы серпіліс

Жарыстар екі жас санатта өтіп жатыр:
• «А» дивизионы – 2007–2008 жылы туған ойыншылар;
• «B» дивизионы – 2009–2010 жылы туған ойыншылар.
Лига жас футболшы қыздардың дамуына арналған жаңа спорттық алаңға айналыпқана қоймай, елімізде әйелдер футболын насихаттаудың маңызды медиалық қадамы болды.
Маусымның ерекшелігі – заманауи ұсынылу форматы: барлық ойын тікелей эфирдекөрсетіледі, старттық құрамдар жарияланады, әр турдан кейін бейнешолулар, фото және видеоесептер көрсетіледі.
Сондай-ақ турдың үздік ойыншысын анықтауға дауыс беру енгізілді. Қазақстанәйелдер футболының тарихында алғаш рет жанкүйерлер MVP-ді (ең үздік ойыншыны) анықтап, ол арнайы мүсінге ие болады.
Дауыс беру нәтижесінде алғашқы турды «А» дивизионыны бойынша «Алтай» ФКойыншысы Наталья Михайленко, «B» дивизионында «Елімай» командасынан Зере Бейсембай және «Атырау» командасынан Дильназ Мұхтарқызы еңкөп дауыс жинады.
Спорттық нәтижелерге сүйенсек, «А» дивизионында алғашқы турдан кейін 4 жеңіс пен 12 ұпай жинаған қарағандылық «Шахтер» көш бастап тұр. Ал кіші жассанатында үш матчта 9 ұпайдан жинаған «Тараз» бен «Елімай» командалары турнир кестесінің алғашқы қатарына орналасты.