Астанада бастауыш сыныптар арасындағы республикалық «Балдәурен» турнирі аяқталды

Астанада бастауыш сыныптар арасындағы республикалық «Балдәурен» турнирі аяқталды

04 маусым 2025, 13:17
Елордада Балаларды қорғау күніне орай Қазақстан футбол федерациясыныңұйымдастыруымен өткен республикалық «Балдәурен» турнирі аяқталды. Ала доп сайысына еліміздің бірқатар өңірінен 200-ден астам жас футболшы қатысты.

Турнирде үш категорияда 22 команда бақ сынасты. 
2-3 сынып (аралас) – 7 команда;
4 сынып (ұлдар) – 10 команда;
4 сынып (қыздар) – 5 команда.

Ойын Астанадағы «ҚФФ футбол үйінде» өтті. Тартысты ойында балаларды жеңіске деген жігері алға жетелеп, дода шынайы эмоциялармен, жарқын сәттермен есте қалды.  Турнир – бұқаралық футболды ерте жастандамытуға бағытталған. 

Сайыс жеңімпаздары:
Аралас команда (2-3 сыныптар)

1 орын – Алматы қаласы(1);
2 орын – Маңғыстау облысы;
3 орын – Астана қаласы(80).

Ұлдар (4 сынып)
1 орын – Алматы қаласы;
2 орын – Астана қаласы(71);
3 орын – Жамбыл облысы.

Қыздар (4 сынып)
1 орын – Алматы қаласы;
2 орын – Жамбыл облысы;
3 орын – БҚО.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары