WU-17 Қазақстан қыздар құрамасы 2025/26 Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі қарсыластарын білді
05 маусым 2025, 14:17

Жеребе нәтижесінде Қазақстанның WU-17 қыздар құрамасы «В» лигасының 3-тобына түсіп, Грузия, Босния Герцеговина және Латвия құрамаларымен бір топқа түсті. Ойындардың өтетін уақыты мен орны кейін жарияланады.
Айта кетейік, өз тобында бірінші орын алған алты құрама және екінші орын алғандардың ішінен ең үздігі (төртінші орын алғандарға қарсы ойындар есепке алынбайды) келесі іріктеу кезеңін «А» лигасында бастайды.