Қазақстан жастар құрамасы ЕУРО-2027 іріктеу кезеңін жеңіспен бастады

Жеңіс голын 11-минутта «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Олжас Байбек соқты. Матчтың соңына дейін таблодағы есеп өзгермей, ойын 1:0 есебімен аяқталды.
Бұл матчта Дастан Сатпаев жастар құрамасындағы алғашқы ойынын өткізді. Ол алаңға негізгі құрамда шығып, 85 минут ойнады
Қазақстан U-21 құрамасы келесі ойынын 8 қыркүйекте Англияға қарсы өткізеді. Сонымен қатар, біздің топта Словакия, Ирландия және Молдова құрамалары бар. Топ жеңімпазы ЕУРО-2027 турниріне тікелей жолдама алады.
Қазақстан U-21 – Андорра U-21 – 3:2 (1:0)
Голдар: Байбек 11
Ескертулер: Есимбеков, 7 – Бутарафас 29, Феррейра 44, Бьенерт 56
Қазақстан U-21: Талыспаев (қ), Мрынский, Асқаров (к), Саидов, Нұрымбет, Байбек, Есімбеков, Сатпаев, Валгушев, Тұрғанов, Труфанов;
Қосалқы құрам: Рихард (қ), Мигунов, Литош, Өмірзақов, Тоқтыбай, Төлеуов, Раскатов, Бердібек, Попов;
Аға бапкер: Денис Мамонов.
Андорра U-21: Де Кастро (қ), Де Са, Корнелья, Бьенерт, Гума, Феррейра, Сола (к), Ремолинс, Бутарафас, Акоста, Родригес;
Қосалқы құрам: Корнелья Молинс (қ), Де Лима, Домингес, Фернандес, Каррау, Дчар, Силва, Торне, Сантаэлья;
Аға бапкер: Элой Касальс.
Төрешілер: Гиорги Авазашвили, Зааза Пипиа, Гиорги Эликашвили, Коба Ревазашвили (бәрі – Грузия)
05.06.2025. «Астана Арена», Астана