Денис Мамонов: «Бүгін жігіттер қайсарлық танытты»

«Бүгін жігіттер қайсарлық танытты. Жақсы дайындалдық, ойында өз жоспармыз болды. Кейбір сәттерде сол жоспар жүзеге асып жатты. Бірінші таймда бірнеше мүмкіндік жасадық, көбірек гол соғуға болар еді. Бүгін стадионға көп жанкүйер келді. Бұл – қуанышты жайт. Біз үшін жеңіске жетіп, жанкүйерлерді қуантудың маңызы зор болды.
Бірақ бұл іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойыны екенін ұмытпау керек. Бірінші матчтар әрқашан қиын болады. Бүгін алаңда қобалжу байқалды. Құрамда алғаш рет ұлттық командалар атмосферасын сезінген ойыншылар бар. Дегенмен келесі кездесулер олар үшін жеңілірек болады деп ойлаймын.
Ойын барысында команда физикалық жағынан сәл шаршап қалды. Есеп те қысым жасады. 1:0 есебімен алда келе жатқанда, ойынды жеңілдетуге тырысасың. Мұндай сәттерді қарсылас пайдаланып, алға ұмтылады. Ал бізге допсыз ойнауға, допты тартып алуға көп күш жұмсауға тура келеді.
Ең бастысы – жеңіске жеттік. Бұл нәтиже жігіттерге психологиялық жағынан сенім береді. Енді бізді Англиямен болатын ауыр ойын күтіп тұр. Қыркүйекте өтетін сол матчқа жанкүйерлер бұрынғыдан да көп келеді деп үміттенеміз. Англияға қарсы кездесуге ерекше дайындаламыз», – деді Мамонов.