ҚФФ лицензиялау департаменті 2026 жылғы маусымда клубтарды лицензиялау рәсіміне дайындау семинарын өткізді

ҚФФ лицензиялау департаменті 2026 жылғы маусымда клубтарды лицензиялау рәсіміне дайындау семинарын өткізді

26 қараша 2025, 12:02
Қазақстан футбол федерациясының лицензиялау департаменті 2026 жылғы маусымда ҚФФ мен УЕФА аясындағы жарыстарға қатысу үшін футбол клубтарын лицензиялау тәртібіне арналған онлайн-семинар ұйымдастырды. Іс-шараға Премьер-лига, Бірінші және Екінші лига клубтарының өкілдері, лицензиялау рәсімінен өтуге жауапты мамандар, сондай-ақ құқықтық және кадрлық бөлімдердің қызметкерлері қатысты.

Семинарда футбол клубтарын лицензиялауда жаңартылған ережелер жан-жақты талқыланып, стадион инфрақұрылымы бойынша ҚФФ-ның   жаңа регламенті (2025) таныстырылды. Басымдық клубтық басқару, инфрақұрылыммен қамту және рәсімдердің ашықтығын арттыруға бағытталған өзгерістерге берілді.

Сондай-ақ отандық IT-мамандар әзірлеген жаңа электронды лицензиялау платформасы таныстырылды. Жаңа жүйе құжаттарды тапсыру және тексеру процесін оңтайландырып, оны мүмкіндігінше жедел әрі ашық етеді.

1 желтоқсаннан бастап футбол клубтарының өкілдері ҚФФ лицензиялау департаментінің базасында платформамен жұмыс істеу бойынша практикалық оқытудан өтеді.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары