Blind футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы тарихи жеңіске жетті

Blind футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы тарихи жеңіске жетті

27 мамыр 2026, 10:44
АҚШ-тың Сиэтл қаласында Вlind футболдан халықаралық турнир өтті.

Турнирге АҚШ, Перу және Қазақстан ұлттық құрамалары қатысты.

Ұлттық құрама алғашқы ойында АҚШ құрамасымен 0:0 есебімен тең түсті. Ал шешуші ойында Оңтүстік Американың мықты құрамаларына қарсы сәтті өнер көрсетіп жүрген тәжірибелі Перу командасын 1:0 есебімен жеңді. Матчтағы жалғыз жеңіс голын Болат Жанымхан соқты.

Бұл – Қазақстанның Вlind футбол тарихындағы алғашқы халықаралық трофей. 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары