Қазақстан құрамасы Шымкентте оқу-жаттығу жиынын бастады
30 мамыр 2026, 10:41
Ұлттық құрама алғашқы жаттығуын 29 мамырда Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткізді. Оқу-жаттығу жиыны 4 маусымға дейін жалғасады. Осыдан кейін ұлттық құрама Армения мен Мажарстанға қарсы өтетін жолдастық матчтарға қатысу үшін жолға шығады.
Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуін 6 маусым күні Ереванда Армения құрамасына қарсы өткізеді. Матч Вазген Саркисян атындағы республикалық стадионда өтеді.
Ал 9 маусым күні Талғат Байсуфинов шәкірттері Мажарстан құрамасымен кездеседі. Ойын Дебрецен қаласындағы «Надьердеи» стадионында өтеді.
Алдағы матчтарға Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов 25 футболшыны шақырды.