Жетісу облысының «Малайсары» командасы – жағажай футболынан 2026 жылғы маусымның Суперкубок иегері
Екі кездесуден тұрған тартысты бәсекенің қорытындысы бойынша Жетісу облысының «Малайсары» ұжымы павлодарлық «Арман» командасынан басым түсті.
Алғашқы матчта «Малайсары» қарсыласын 5:3 есебімен жеңсе, екінші кездесуде де 5:4 есебімен павлодарлықтардан айласын асырды.
Жарыстың ең үздік ойыншысы болып «Малайсары» командасының шабуылшысы Мехди Ширмохаммади танылды.
Суперкубок бәсекесі аяқталғаннан кейін бірден Қазақстан Республикасы Кубогының ұтысы басталады. Топтық кезеңде қатысушылар екі топқа бөлінген. «А» тобында Семейдің «Спартак» ұжымы, елордалық «Arlan» және «Малайсары» өнер көрсетсе, «В» тобына павлодарлық «Арман» мен қатар Павлодар облысының намысын қорғайтын «ТК В&А» және «Zarya Arystan» ұжымдары енді.
Турнирлердің барлық матчтары Павлодар қаласының Орталық жағалауында орналасқан арнайы стадионда өтеді. Қазақстан футбол федерациясы өзінің ресми YouTube-арнасында ойындардың тікелей трансляциясын ұйымдастырады.