Русланжан Раимбакиев: «Басты мақсат – Еуропа чемпионатына іріктеудің элиталық кезеңіне шығу»
04 маусым 2026, 12:30
– FIFA үзілісінде ең маңыздысы – жиналып, ойыншыларды қарап, олардың жағдайын тексеру және ұлттық құрамада қалай ойнайтынын бағалау. Басшылыққа жігіттерді Әзербайжанға апарып, жақсы ойын өткізуге жағдай жасағаны үшін алғыс айтамын.
Біз Шымкентте де Әзербайжанға қарсы ойнағанбыз. Олар өте жақсы ұжым. Менің ойымша, жақсы ойын болады.
Болашақ жоспарымыз – қараша айындағы Еуропа чемпионатына іріктеуге дайындалу. Біз элиталық раундқа шығуға тырысуымыз керек, себебі өткен жылы біздің U19 және U17 командаларымыз бұл межеден өтті, деңгейді көтеріп кетті. Біз де осы деңгейді сақтап, элиталық раундқа шығуға ұмтылуымыз қажет.
Қазір негізгі міндет – үміткерлерді қарап шығу. Уақыт көп емес, сондықтан ең басты мақсат – элиталық раундқа шығу.
Жаңалықтар
03 мау., 14:30
01 мау., 19:50