Бегайым Қырғызбаева: «Арменияға қарсы ойынның маңызы біз үшін өте зор»

Бегайым Қырғызбаева: «Арменияға қарсы ойынның маңызы біз үшін өте зор»

03 маусым 2026, 15:39
Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Бегайым Қырғызбаева әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтетін Арменияға қарсы матчқа дайындық жайлы айтып берді.

– Біз 5-ші маусым күні сырт алаңда Армения құрама командасына қарсы матч өткіземіз. Дайындығымыз жоспар бойынша өтіп жатыр. Қыздардың көңіл-күйі, атмосфера, бәрі жақсы. Қазіргі таңда мақсатымыз, техникалық, тактикалық, физикалық жағынан қыздарды жетілдіру. Ойыншылардың өзара байланысын нығайту, және де осы ресми матчқа толыққанды дайын болу.

Бұл ойынның маңызы біз үшін өте зор. Топтан шығатын мүмкіндігіміз бар. Сондықтан бұл біз үшін сынақ деуге болады. Оны толыққанды түсінеміз. Қыздар да түсінеді, біз де түсінеміз. Сол бағытта жақсы жұмыс істеп жатырмыз. Нәтижесін сол ойында көреміз деп ойлаймын.

Бөлісу

Жаңалықтар

03 мау., 14:30
Жоғары