Талғат Байсуфинов: «Армения және Мажарстанмен екі жолдастық кездесу – күздегі ойындар алдындағы соңғы дайындық»
«Маусым айындағы Армения және Мажарстанмен екі жолдастық кездесу – біз үшін күздегі ойындар алдындағы соңғы дайындық.
Біріншіден, Армениямен де, Мажастармен де табиғи алаңда ойнаймыз. Екіншіден, Шымкент қаласында футбол жағынан жағдай өте жақсы, жақсы атмосфера болып жатыр. Біз жаттығып жатқан алаңның сапасы керемет, стадионның қызметкерлеріне рақмет айтамыз.
Жас ойыншылар жақсы қырынан көрініп, бәсекелестік күшейіп келеді. Жақсы ойын көрсетіп жатқан жас футболшыларымыз құрамаға келіп жатыр. Алдағы екі жолдастық кездесуде оларға ойын уақыты беріледі. Бірақ ең бастысы – олар құрамадағы атмосферамен танысу керек.
Күзге қарай құрамадағы бәсекелестік одан әрі арта түседі, оны өздеріңіз көріп отырсыздар. Құдай қаласа, чемпионаттың екінші айналымында да футболшылар осындай ойын көрсетсе, күзде ең мықтылары құрамаға келеді», – деді Талғат Байсуфинов.