Балаларды қорғау күні қарсаңында ұлттық құрама футболшылары бүлдіршіндермен кездесті
01 маусым 2026, 17:00
Кездесу барысында ұлттық құрама ойыншылары балалармен бірге уақыт өткізіп, жасыл алаңда доп тепті. Балалар футболшылармен еркін әңгімелесіп, естелік суретке түсіп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.
Іс-шараның басты мақсаты – балаларға мерекелік көңіл күй сыйлап, оларды спортпен шұғылдануға ынталандыру болды. Футболшылар өз тәжірибелерін бөлісіп, балаларға жылы лебіздерін жеткізді.
Кездесу соңында ұлттық құрама ойыншылары балаларға Қазақстан құрамасының жейделері мен арнайы естелік сыйлықтар табыстады.
Қазақстан футбол федерациясы барша бүлдіршіндерді Балаларды қорғау күнімен құттықтайды. Әр баланың балалық шағы бақытқа толы болып, армандары орындалып, болашағы жарқын болсын!