Павлодарда жағажай футболы төрешілерінің оқу-жаттығу жиыны аяқталды
ҚФФ президентінің тапсырмасы бойынша төрешілік мәселелері ерекше бақылауда, оның ішінде жағажай футболы бағытына да айрықша көңіл бөлінуде.
Жиын барысында жағажай футболы төрешілері қажетті төрешілік жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп, оқу-жаттығу процесін өткізуге барлық жағдай жасалды. Сабақтарды жүргізу үшін РФО-ның жетекші нұсқаушысы шақырылып, ол қатысушыларды жағажай футболы ережелеріне енгізілген соңғы өзгерістермен және өзекті ұсынымдармен таныстырды.
Төрешілер алған білімдерін жағажай футболынан Қазақстан Кубогы матчтарында бірден тәжірибе жүзінде қолданып жатыр.
Осындай жиындарды өткізу төрешілердің даярлық деңгейін арттыруға, кәсіби құзыреттерін дамытуға және жағажай футболы жарыстарындағы төреліктің сапасын жақсартуға бағытталған.