Семейде UEFA B бапкерлік курсының кезекті модулі аяқталды

Семейде UEFA B бапкерлік курсының кезекті модулі аяқталды

04 маусым 2026, 18:13
Семей қаласында UEFA B санатындағы бапкерлік курстың кезекті модулі өз мәресіне жетті. Білім беру бағдарламасы футбол жаттықтырушыларының кәсіби біліктілігін арттыруға және жаттығу процесіне заманауи тәсілдерді енгізуге бағытталған.

Төрт күн бойы қатысушылар теориялық және практикалық сабақтар өтті. Модуль бағдарламасына жаттығу үдерісін ұйымдастыру, футболшылардың координациялық қабілеттерін дамыту, жаттығу сабақтарының құрылымы мен түрлері, сондай-ақ бірінші және екінші аймақтарда шабуылдау әрекеттерін құру мен дамыту принциптері сияқты тақырыптар енді.

Ойынның әртүрлі кезеңдеріндегі командалық өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Бапкерлер ұжыммен жұмыс істеудің заманауи үлгілерін және оларды жаттығу кезінде қолдану жолдарын зерттеді.

Практикалық бөлім модульдің негізгі құрамдас бөліктерінің біріне айналды. Тыңдаушылар жаттығу тапсырмаларын әзірлеп, шағын топтарда сабақтар өткізді, сондай-ақ нұсқаушылар мен әріптестерінен кері байланыс алды.

Мұндай формат қатысушыларға теориялық материалды бекітіп қана қоймай, жаттығу жиындарын жоспарлау, өткізу және талдау дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Модуль қорытындысы бойынша оқу нәтижелері шығарылып, жаттығу процесіне талдау мен рефлексия жүргізілді, сонымен қатар тыңдаушылардың өзіндік жұмыс істеуіне арналған келесі міндеттер айқындалды.

Бөлісу

Жаңалықтар

03 мау., 14:30
Жоғары