ҚФФ КДК отырысы өтті

Отырыстың қорытындысы бойынша келесі шешімдер қабылданды:
Қазақстан Премьер-лигасы
8-тур
«Қызылжар» – «Ұлытау»
2025 жылғы Қазақстан Республикасының футболдан чемпионатының 8-туры аясындағы «Қызылжар» – «Ұлытау» матчында «Ұлытау» командасының 5 (бес) ойыншысы ескерту алған тәртіпсіз әрекеті үшін, ДР-дің 48-бабы 1-тармағына сәйкес, «Ұлытау» ФК-на ДР-дің №1 қосымшасына сәйкес 100 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Айыппұл 2025 жылдың 13 маусымына дейін төленуі тиіс.
«Тұран» – «Атырау»
«Тұран» – «Атырау» матчында «Атырау» командасының 6 (алты) ойыншысы ескерту алған тәртіпсіз әрекеті үшін, ДР-дің 48-бабы 1-тармағына сәйкес, «Атырау» ФК-на ДР-дің №1 қосымшасына сәйкес 100 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Айыппұл 2025 жылдың 13 маусымына дейін төленуі тиіс.
«Ақтөбе» – «Елімай»
«Ақтөбе» – «Елімай» матчында «Елімай» командасының 6 (алты) ойыншысы ескерту алған тәртіпсіз әрекеті үшін, ДР-дің 48-бабы 1-тармағына сәйкес, «Елімай» ФК-на ДР-дің №1 қосымшасына сәйкес 100 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Айыппұл 2025 жылдың 13 маусымына дейін төленуі тиіс.
20-тур
«Жеңіс» – «Қайрат»
2025 жылғы Қазақстан Республикасының футболдан чемпионатының 20-туры аясындағы «Жеңіс» – «Қайрат» матчында қарсыласқа гол соғу мүмкіндігін айқын шектегені үшін, ДР-дің 44-бабы 1-тармағы 1-тармақшасына сәйкес, «Қайрат» командасының ойыншысы Анарбеков Темірлан 1 (бір) ойынға шеттетіледі. Шеттету мерзімі 2025 жылғы 10 мамырдан бастап есептеледі.
Бірінші лига
5-тур
«Екібастұз» – «Шахтер»
2025 жылғы Бірінші лига 5-туры аясындағы «Екібастұз» – «Шахтер» матчында жанкүйерлердің ойыннан кейін алаңға шығуы түрінде көрініс тапқан қауіпсіздік талаптары мен Ереженің бұзылуы үшін, ДР-дің 63-бабы 1-тармағына сәйкес, «Екібастұз» ФК-на ДР-дің №1 қосымшасына сәйкес 50 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Айыппұл 2025 жылдың 13 маусымына дейін төленуі тиіс.
КДЭК, 2025 жылғы 12 мамырда «Екібастұз» ФК директоры Кенжәлінов Г.-нің хатын және ойыншы Сүлейменов А.-ның түсініктемесін қарап, ДР-дің 126-бабы 1-тармағына сәйкес, 2025 жылғы 29 сәуірдегі КДЭК шешімін қайта қараудан бас тартады. Сүлейменов А.-ның шеттетілуі күшінде қалады.
Freedom QJ League
4-тур
«Атырау» – «Ордабасы»
«Атырау» – «Ордабасы» матчында допқа ойнауға мүмкіндігі болмай тұрып, артық күш қолданылған дөрекі ойын үшін, ДР-дің 44-бабы 1-тармағы 2-тармақшасына сәйкес, «Ордабасы» командасының ойыншысы Орумбаев Абдурахман 3 (үш) ойынға шеттетіледі. Шеттету мерзімі 2025 жылғы 11 мамырдан бастап есептеледі.
«Каспий» – «Ertis»
Ойын барысында 5 (бес) ойыншы мен бас бапкердің көмекшісіне ескерту берілген тәртіпсіз әрекеті үшін, ДР-дің 48-бабы 1-тармағына сәйкес, «Каспий» ФК-ға ДР-дің №1 қосымшасына сәйкес 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Айыппұл 2025 жылдың 13 маусымына дейін төленуі тиіс.
Осы матчта «Ertis» командасының 5 (бес) ойыншысына ескерту берілген тәртіпсіз әрекеті үшін, «Ertis» ФК-на ДР-дің №1 қосымшасына сәйкес 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Айыппұл 2025 жылдың 13 маусымына дейін төленуі тиіс.
Медициналық жедел жәрдем көлігінің кешігіп келуіне байланысты матчтың 10 минутқа кеш басталу фактісі бойынша, бұл Freedom QJ League 2025 маусымының Ережесіне сай келмейтін ұйымдастыру жұмысы ретінде бағаланып, ДР-дің 63-бабы 1-тармағына сәйкес, «Каспий» ФК-ға 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Айыппұл 2025 жылдың 13 маусымына дейін төленуі тиіс.
Freedom QJ League U17
4-тур
«Каспий 2009» – «Ertis 2009»
Матчта 6 (алты) ойыншыға ескерту берілген тәртіпсіз әрекеті үшін, ДР-дің 48-бабы 1-тармағына сәйкес, «Каспий» ФК-ға ДР-дің №1 қосымшасына сәйкес 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Айыппұл 2025 жылдың 13 маусымына дейін төленуі тиіс.
Freedom QJ League U16
4-тур
«Тараз 2010» – «Шахтер 2010»
2025 жылғы Freedom QJ League U16 маусымының Ережесіне сәйкес келмейтін жарнама (букмекерлік кеңсенің логотипі) бапкердің киімінде орналасқаны үшін, ДР-дің 67-бабына сәйкес, «Шахтер» ФК-ға ескерту жарияланады.
2009-2010 ж.т. қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаты
«Қайсар» – «Атырау»
Матчта қарсыласқа айқын гол соғу мүмкіндігін шектеу іс-әрекеті үшін, ДР-дің 44-бабы 1-тармағы 1-тармақшасына сәйкес, «Атырау» командасының ойыншысы Әбілқайыр Кәусар 1 (бір) ойынға шеттетіледі. Шеттету мерзімі 2025 жылғы 8 мамырдан бастап есептеледі.
«Оқжетпес» – «Алтай»
Осы санаттағы матчта да қарсыласқа гол соғу мүмкіндігін шектегені үшін, «Алтай» командасының ойыншысы Кибенко Ксения 1 (бір) ойынға шеттетіледі. Шеттету мерзімі 2025 жылғы 8 мамырдан бастап есептеледі.