Қазақстан құрамасы жолдастық ойынға Беларуське есе жіберді

Әли Әлиев жаттықтыратын Қазақстан құрамасы бұл кездесуде 1:4 есебімен жеңілді.
Беларусь сапынан Валерий Громыко, Валерий Бочеров, Трофим Мельниченко мен Евгений Шикавка мергендік танытты. Қазақстан құрамасының жалғыз голын 74-минутта Ғалымжан Кенжебек соқты. Нәтижелі пас берген – Наурызбек Жагоров.
Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 9 маусым күні өткізеді. 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтетін бұл ойында Қазақстан құрамасы Солтүстік Македонияны қабылдайды. Кездесу «Астана Аренада» сағат 19:00-де басталады.
Беларусь – Қазақстан – 4:1 (2:0)
Голдар: Громыко, 25; Бочеров, 31; Мельниченко, 50; Шикавка, 85 – Кенжебек, 74
Ескерту: Жұмаханов, 83
Беларусь: Павлюченко (қ), Карпович, Мартынович (к), Забелин, Прищепа, Корзун, Бочеров, Эбонг, Громыко, Шикавка, Мельниченко.
Қосалқы құрам: Лапоухов (қ), Игнатович (қ), Апетенок, Киреев, Лисакович В, Лисакович Р, Никифоренко, Пархоменко, Печенин, Пигас, Политевич, Седько, Яблонский.
Бас бапкер: Карлос Алос Феррер
Қазақстан: Покатилов (қ), Тапалов, Быстров, Малый, Әліп, Вороговский, Чесноков, Тағыберген (к), Қуат, Зуев, Самородов.
Қосалқы құрам: Шайзада (қ), Заруцкий (қ), Мұхамед, Жұмат, Астанов С., Жагоров, Жуков, Жұмаханов, Кенжебек, Төлеубай, Халматов.
Бас бапкер: Әли Әлиев
5.06.2025. «Борисов-Арена», Борисов