Максим Cамородов: «Біз тек жеңіс үшін ойнаймыз»
08 маусым 2025, 20:39

Фото: КФФ
– Дайындық қалыпты режимде жүріп жатыр. Жігіттердің бәрі бабында. Бапкер айтқандай, жарақат алғандарды есепке алмағанда, бәрі жеңіс үшін күресуге және соңына дейін ойнауға дайын.
– Дастан Сәтпаевпен өзара түсіністік қалай? Байланыс орнап үлгерді ме?
– Біз бұған дейін де бірге жаттығып жүрдік. Өзара түсіністік бар. Ал нақты нәтижені ертең алаңнан көресіздер деп үміттенемін.
– Ертең құрама «Астана Аренаға» оралады. Астана мен Алматыдағы ойынның қайсысында өзіңізді жайлы сезінесіз?
– Атмосфера жағынан алғанда, мен үшін «Астана Аренада» ойнау ыңғайлырақ. Мұндағы стадион көлемі үлкен, трибуналар жақын орналасқан, жүгіру жолдары жоқ – сол себепті жанкүйерлердің қолдауы да ерекше сезіледі. Жеке өзім үшін бұл жерде ойнау әлдеқайда жақсы.
Жаңалықтар
08 мау., 20:38
07 мау., 15:01
06 мау., 00:40
06 мау., 00:27