Ұлттық құрама футболшылары падел бойынша шеберлік сабаққа қатысты

Ұлттық құрама футболшылары падел бойынша шеберлік сабаққа қатысты

07 маусым 2025, 17:42
Қазақстан футбол федерациясының басқарушы директоры Бекжан Сафинов ұлттық құрамасының ойыншылары Дәурен Жұмат, Муроджон Халматов және Алмас Төлеубаймен бірге падел федерациясына барды. Мұнда олар әлемде қарқынды дамып келе жатқан спорт түрімен танысу мақсатында шеберлік сабаққа қатысты.

Падел — теннис пен сквош элементтері үйлескен, өте серпінді ракеткалық спорт түрі.  Бұл ойын елімізде де  танымал. Халықаралық падел федерациясының мәліметінше, паделдің Олимпиада ойындары бағдарламасына ену  мүмкіндігі жоғары.

Футболшылар жаңа спорт түріне қызығушылық танытып, алдағы уақытта тағы да ойнап көруге ниетті екендерін айтты.

«Шынымен,  өте қызық! Қимыл-қозғалыс көп, тартысты әрі ширақ ойын. Футбол алаңынан тыс уақытта бой жазып, ой бөлудің тамаша тәсілі екен», деп футболшылар өз әсерімен бөлісті.

Қазақстан футбол федерациясы  әртүрлі спорт түрлері арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында мұндай шараларды назардан тыс қалдырмайды.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары