Қазақстан құрамасы өз алаңында Солтүстік Македонияға есе жіберді

Қазақстан құрамасы өз алаңында Солтүстік Македонияға есе жіберді

09 маусым 2025, 22:13
2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі үшінші тур аясында Қазақстан құрамасы Астанада Солтүстік Македонияны қабылдады.

Ойын тізгінін қолға алғанымен, алаң иелері есеп аша алмады. Қонақтар 33-минутта Александр Трайковскидің соққан жалғыз голының арқасында жеңіске жетті. Есеп – 0:1.

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 2025 жылы 4 қыркүйекте «Астана Аренада» Уэльске қарсы өткізеді.

Қазақстан – Солтүстік Македония – 0:1 (0:1)

Гол: Трайковски 33

Ескертулер: Малый 50, Қуат 79 – Муслиу 64, Деспотовски 81

Қазақстан: Сейсен (қ), Астанов, Быстров, Малый, Әліп, Вороговский, Чесноков, Қуат, Тағыберген (к), Кенжебек, Самородов.

Қосалқы құрам: Заруцкий (қ), Шайзада (қ), Мұхамед, Сатпаев, Жұмат, Жагоров, Жуков, Жұмаханов, Зуев, Тапалов, Төлеубай, Халматов.

Бас бапкер: Әли Әлиев

Солтүстік Македония: Димитревски (қ), Деспотовски, Зайков, Муслиу, Алиоски, Барди (к), Костадинов, Элмас, Чурлинов, Трайковски, Миовски.

Қосалқы құрам: Алексовски (қ), Илиев (қ), Ашковски, Елези, Манев, Митровски, Стоевски, Трапановски, Атантасов, Ристовски, Станковски, Тошевски.

Бас бапкердің көмекшісі: Роберт Стояновски

09.06.2025. «Астана Арена», Астана

Бөлісу
Жоғары