Қазақстан U-16 құрамасы жолдастық кездесуде Қырғызстанды жеңді

Қазақстан U-16 құрамасы жолдастық кездесуде Қырғызстанды жеңді

05 маусым 2026, 18:30
Шымкентте өткен жолдастық кездесу аясында 16 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Қырғызстаннан басым түсті.

Кездесудің тағдырын шешкен жалғыз гол 13 минутта пенальтиден соғылды. Никита Духов мүлт кетпей, командасын алға шығарды. Нәтижесінде Қазақстан U-16 құрамасы Қырғызстанды 1:0 есебімен жеңді.

Қос ұжымның келесі жолдастық кездесуі 8 маусым күні сағат 10:00-да Шымкент қаласындағы «Намыс» стадионда өтеді.

Қазақстан U-16 – Қырғызстан U-16 – 1:0 (1:0)

Гол: Духов 13 (п)

5 маусым, 2026. «Намыс» стадионы, Шымкент.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары