Жасұлан Әмір: «Ұлттық құрамаға шақырту алғаныма өте қуаныштымын»

Жасұлан Әмір: «Ұлттық құрамаға шақырту алғаныма өте қуаныштымын»

05 маусым 2026, 21:30
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Жасұлан Әмір Армениямен өтетін жолдастық матч алдында баспасөз мәслихатына қатысты.

- Ұлттық құрамадан шақырту алғаныма өте қуаныштымын. Қазақстан ұлттық құрамасында ойнау – бала күннен бергі арманым еді. Енді, Алла қаласа, алдағы матчтарда дебют жасап, өзімді көрсетуге тырысамын.

Маған сенім артып, ұлттық құрамаға шақырған бапкерлер штабына алғысымды білдіремін. Көпшілік менің қай позицияда ойнағанды ұнататынымды сұрап жатады. Өзіме шабуыл шебінде ойнаған ыңғайлырақ. Сол жерде командаға көмектесіп, нәтижелі әрекеттермен көзге түскен ұнайды. Бірақ мен үшін ең бастысы – қай позицияда ойнасам да, командама пайдамды тигізіп, ел намысы үшін бар күшімді салу, - деді Жасұлан Әмір

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары