Талғат Байсуфинов: «Алдағы ойындарда барлық жас футболшыға мүмкіндік беріледі»
- Шымкенттегі оқу-жаттығу жиынын аяқтап, бүгін осында келіп отырмыз. Ең алдымен Шымкент қаласына, орталық стадион қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз. Бізге барлық жағдай жасалды, дайындық жоспар бойынша өтті.
Ал жастар туралы айтсақ, оларды қазір жас деп те айту қиын. Барлығы өз деңгейінде жақсы ойын көрсетіп жүр. Ең алдымен сол жігіттерге алғыс айту керек. Олар күн сайын өздерін жақсы қырынан көрсетіп келеді.
Біз де өз тарапымыздан қолдау білдіріп, тәжірибемізбен бөлісуге тырысып жатырмыз. Үлкен жігіттер жастарға көмектесіп, бағыт-бағдар беруде. Әмір де осында отыр. Қателеспесем, барлық жас ойыншылар жаттығуға жақсы араласып, өздерін жақсы көрсетіп жүр.
Қазір олардың дайындығын көріп отырмыз. Құдай қаласа, алдағы ойындарда да мүмкіндіктерін алады. Ертеңгі матчта және 9 маусымдағы ойында кімнің қалай дайын екенін көріп, соған қарай ойын уақыты беріледі. Қазір жастар жақсы футбол көрсетіп, өз мүмкіндіктерін дәлелдеуге тырысып жатыр, - деді Талғат Байсуфинов.