Қазақстан U-19 құрамасы Сербияны жеңіп, Еуропа чемпионатының іріктеу тобында көш бастады
Ойынның 9-минутында-ақ шабуылшы Милованович дәл соққымен Сербияны алға шығарды. Алайда Қазақстан құрамасы бірден есепті теңестіруге ұмтылды. Нәтижесінде 25-минутта Төре Исмағұлов таразы басын теңестірді. Командалар үзіліске тең есеппен аттанды.
Екінші таймның басында Қазақстан құрамасы бірден екі гол соқты: 47-минутта Исмаил Бекболат Қазақстанды алға шығарса, 51-минутта ол тағы бір гол соғып, дубль авторы атанды.
Қорғаныстағы сенімді ойын Қазақстан құрамасына осы тиімді есепті сақтап қалуға және матчты жеңіспен аяқтауға мүмкіндік берді.
Естеріңізге сала кетейік, іріктеудің алғашқы матчында біздің жасөспірімдер Португалия құрамасымен 1:1 есебімен тең түсті. Ал бүгінгі жеңістен кейін олар 4 ұпай жинап, өз іріктеу тобында бірінші орынға көтерілді.
Сербия U-19 – Қазақстан U-19 – 1:3 (1:1)
Голдар: Милованович 9' – Исмағұлов 25', Бекболат 47', 51'
06.06.2026. «Тумба» стадионы, Салоники (Грекия).