Қазақстан U-16 құрамасы Қырғызстаннан ірі есеппен басым түсті
Матчтың 52-минутында Ерасыл Ибатулланың әуелете көтерген пасынан кейін команда капитаны Бекнұр Нұрман баспен дәл соққы жасап, есеп ашты. Арада 20 минут өткенде алаңға алғаш рет шыққан Максим Бонет қарсылас қақпасынан саңылау тауып, есеп айырмасын ұлғайтты. Кездесудің 77-минутында алдыңғы матчта жалғыз голдың авторы атанған Никита Духов мергендігімен көзге түссе, 84-минутта Ерасыл Ибатулла өзінің нәтижелі ойынын голмен түйіндеді. Ал ойынның нүктесін 88-минутта Алихан Қуандық қойып, Қазақстан құрамасының ірі жеңісін қорытындылады.
Қазақстан U-16 – Қырғызстан U-16 – 5:0 (0:0)
Голдар: Нұрман 52, Бонет 72, Духов 77, Ибатулла 84, Қуандық 88 (п)
Қазақстан U-16: Тұран (Қ), Нұрман, Әділхан, Еркенұлы, Жанғазиев, Әбужүсіп, Алтыбаев, Әнуарбек,Рүстем, Құттымұрат, Ақылбек.
Қосалқы құрам: Кравцов (Қ), Бағытжан, Абибулла, Құрбаниязов, Кригер, Плачинда, Қуандық, Духов, Сағынділдә, Бонет, Ибатулла, Данабаев.
Аға бапкер: Асхат Құсайынов
Қырғызстан U-16: Шерматов (Қ), Болотов, Асанбеков, Асылбеков, Жанышбеков, Жұмабеков, Камилжанов, Қасымов, Мұратбеков, Темирбеков, Саамайбеков.
Қосалқы құрам: Легкоступов (Қ), Салымбаев, Тогонбаев, Легкоступов, Эмилбеков, Максатов, Камчиев, Маматов, Джеенбаев.
Аға бапкер: Игорь Кудренко
8 маусым, 2026. «Намыс» стадионы, Шымкент.