Талғат Байсуфинов: «Жастар өздерін жақсы қырынан көрсетті»
- Бұған дейін де айтып жүргеніміздей, жас ойыншылар Қазақстан чемпионатында жақсы ойын көрсетіп жүр. Маусым айындағы екі жолдастық матчқа қатысты біздің жоспарымыз болған. Сол жігіттер өз ойындарымен көзге түсіп, ұлттық құрамаға шақырту алды.
Бүгін де Әмірді негізгі құрамда алғашқы минуттардан алаңға шығардық. Өздеріңіз көрдіңіздер, оған әлі уақыт керек болуы мүмкін. Бірақ алғашқы ойыны үшін өте жақсы өнер көрсетті. Потенциалы жоғары екенін бәріміз көріп отырмыз.
Сондай-ақ Әбінұр Нұрымбет пен Мақсат Абраев та алаңға шығып, жақсы ойын көрсетті. Олардан қобалжу немесе абдырау байқамадық. Бұл бізді қуантады.
Алғашқы ойындарына қарамастан, жақсы деңгей көрсетіп, өз мүмкіндіктерін дәлелдей алды. Жастарымыздың осындай ойын көрсетуі бізге де қосымша мүмкіндік беріп отыр. Сол үшін жігіттерге рахмет айтамыз, - деді бас бапкер.