Қазақстан U-17 құрамасы Әзербайжанды ірі есеппен жеңді
06 маусым 2026, 20:35
Русланжан Раимбакиевтің шәкірттері Ғабала қаласындағы алғашқы жолдастық матчты 5:2 есебімен өз пайдасына аяқтады. Біздің команда құрамында Роман Черноморец, Тамерлан Сарсымбаев, Бекасыл Қанат және дубль авторы атанған Әнуар Төленді мергендік танытты.
Әзербайжан және Қазақстан U-17 құрамалары арасындағы екінші кездесу 9 маусым күні өтеді.
Әзербайжан U-17 – Қазақстан U-17 – 2:5
Голдар: Черноморец, Сәрсембаев, Қанат, Төленді (дубль).
06.06.2026. Габала, Әзербайжан.
Жаңалықтар
05 мау., 21:26
04 мау., 18:13