Семей қаласындағы «Спартак» стадионы УЕФА-ның екінші санатын алды

Семей қаласындағы «Спартак» стадионы УЕФА-ның екінші санатын алды

08 маусым 2026, 16:58
2026 жылғы 19 сәуірде жүргізілген инспекция қорытындысы бойынша Семей қаласындағы «Спартак» стадионына УЕФА-ның екінші санаты берілді.

Осылайша, стадион УЕФА Конференциялар лигасының бірінші және екінші іріктеу кезеңдерінің матчтарын өткізуге рұқсат алды.

Тексеру нәтижесінде аренаның УЕФА-ның екінші санатына қойылатын талаптарға сәйкес келетіні расталды. Дегенмен бірнеше ескертулерді ретке келтіру үшін қосымша уақыт берілді.

Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі жанкүйерлерге арналған көру аймақтарының қолжетімділігін жақсарту, командалардың қызыну аймақтарын жабдықтау, стадион аумағын құрылыс қалдықтары мен тастардан тазарту, жекелеген баспалдақ өткелдерін қайта бетондау, сондай-ақ санитарлық тораптар санын белгіленген нормативке дейін арттыру ұсынылды.

УЕФА-ның екінші санатын алу «Спартак» стадионының халықаралық деңгейдегі матчтарды қабылдау мүмкіндігін кеңейтеді.

Бөлісу
Жоғары