Қазақстан әйелдер құрамасының УЕФА Ұлттар лигасындағы ойындар күнтізбесі
Ақпан айында Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасы бас бапкер Мадияр Кембіловтің басшылығымен УЕФА Ұлттар Лигасының 2025 жылғы жаңа маусымын бастайды. Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы «С» Лигасының 3-тобына Люксембург, Армения және Лихтенштейн құрамаларымен түсті.
2025 жылғы футбол күнтізбесінің ерекшелігіне байланысты біздің құрама алғашқы үш ойынды сырт алаңда өткізеді.
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасын 21 ақпанда Люксембургке қарсы матчпен сырт алаңда бастайды. Төрт күннен кейін біздің команда сырт алаңда Армениямен ойнайды.
4 cәуірде қазақстандықтар үшінші матчын Лихтенштейн құрамасына қарсы өткізеді. Ал маусымның алғашқы өз алаңымыздағы матч 8 сәуірде өтеді. Бұл ойында Қазақстан Армениямен кездеседі.
Ұлттар Лигасының топтық кезеңінің қорытынды ойындары мамыр және маусым айларында болмақ. 30 мамырда Қазақстан құрамасы Лихтенштейн құрамасын қабылдаса, ал төрт күннен кейін Люксембург құрамасына қарсы ойнайды.
Футболдан УЕФА Ұлттар Лигасындағы Қазақстан құрамасының 2025 жылғы күнтізбесі:
«С» лигасы, 3-топ
Тур 1
21.02.2025
Люксембург – Қазақстан
Тур 2
25.02.2025
Армения – Қазақстан
Тур 3
04.04.2025
Лихтенштейн – Қазақстан
Тур 4
08.04.2025
Қазақстан – Армения
Тур 5
30.05.2025
Қазақстан – Лихтенштейн
Тур 6
03.06.2025
Қазақстан – Люксембург
*Матчтардың өтетін орны кейінірек анықталады