Бауыржан Исламхан: «Соңғы ойында бар күшімізді салып, нәтиже көрсетуге тырысамыз»

Бауыржан Исламхан: «Соңғы ойында бар күшімізді салып, нәтиже көрсетуге тырысамыз»

16 қараша 2024, 22:06
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бауыржан Исламхан Норвегия – Қазақстан матчы қарсаңында баспасөз мәслихатына қатысып, ойын туралы пікірін айтты.

– Біз үшін осы цикл ауыр өтіп жатыр. Командалардың бәрі мықты. Алдыңғы ойында қызыл қағаз алдық, тактикалық тұрғыдан қателестік. Аустрияның қандай ойын ойнайтынын, деңгейін бәріңіз білесіздер. 

Сондықтан ертеңгі ойында бар күшімізді салып ойнаймыз. Гол соқпадық дегендей. Соңғы ойында бар күшімізді салып, нәтиже көрсетуге тырысамыз.

Бөлісу
Жоғары