Қазақстандық төреші Ұлттар лигасы матчына бас төреші болып тағайындалды

Қазақстандық төреші Ұлттар лигасы матчына бас төреші болып тағайындалды

16 қараша 2024, 08:00
Қазақстандық Болат Сариев бастаған төрешілер бригадасы Андорра мен Молдова құрамалары арасындағы Ұлттар лигасының матчында жұмыс істейді.

Сариевке бұл матчта Денис Лабашов, Юрий Тихонюк және Данияр Сахи көмектеседі.

Андорра мен Молдова құрамалары арасындағы матч 16 қарашада Андорра-ла-Велладағы «Эстади Насьональ» стадионында өтеді.

Бөлісу
Жоғары