Футзалдан Қазақстан әйелдер құрамасының Еуропа чемпионатының іріктеуіндегі қарсыластары анықталды

Футзалдан Қазақстан әйелдер құрамасының Еуропа чемпионатының іріктеуіндегі қарсыластары анықталды

15 желтоқсан 2025, 10:25
2026/27 жылғы УЕФА әйелдер арасындағы футзалдан Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА штаб-пәтерінде өткен жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша футзалдан Қазақстан әйелдер құрамасы А тобына түсті.

Бұл топта Қазақстан құрамасы Чехия, Беларусь және Норвегиямен ойнайды. Топтық кезең ойындары 2026 жылдың 17-22 наурыз күндері аралығында Норвегияда өтеді. Турнир бір алаңда өтетін мини-турнир форматында ұйымдастырылады.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары