Футзалдан Қазақстан әйелдер құрамасы Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр
ОЖЖ барысында ұлттық құрама екі бақылау ойынын өткізеді. Бас бапкер Сәкен Нәукенов оқу-жаттығу жиынына 16 ойыншыны шақырды. Олар:
Жансая Әубәкір («Қайрат» АФК), Зулейра Әбішева («Қайрат» АФК), Светлана Гейниц («Қайрат» АФК), Данира Алқанова («Қайрат» АФК), Светлана Ступина («Қайрат» АФК), Рамина Иманжанова («Қайрат» АФК), Лунара Мыңжасар («Қайрат» АФК), Аяжан Шамбаева («Ақтөбе»), Валерия Акиева («Ақтөбе»), Назерке Абулхасенова («Ақтөбе»), Даяна Төлебаева («Ақтөбе»), Анель Елеусизова («Жеңіс»), Жанерке Перме («Жеңіс»), Минора Тлеубекова, Людмила Коноплева, Меруерт Оразғалиева.
Бапкерлер штабы: Сәкен Нәукенов – бас бапкер, Данияр Қайырбаев – бас бапкердің ассистенті, Мадина Шойкина – қақпашылар жаттықтырушысы, Искандар Геймат – дене даярлығы жаттықтырушысы, Нұрсұлтан Болатбеков – дәрігер, Қайратәлі Күнходжаев – массажист.
Айта кетейік, 2026/27 жылғы УЕФА әйелдер арасындағы футзалдан Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі келері жылы көктемде өтеді. Қазақстан әйелдер құрамасы Чехия, Беларусь және Норвегиямен А тобына түсті. Топтық кезең ойындары 2026 жылдың 17-22 наурыз күндері аралығында Норвегияда өтеді. Турнир бір алаңда өтетін мини-турнир форматында ұйымдастырылады.