Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов еурокубоктың 2024/25 маусымында бақ сынайтын клубтардың өкілдерімен видео-жиналыс өткізді.
Қазақстан футбол федерациясы Қытайдың CHINA CHANGJIANG CONSTRUCTION INVESTMENT кәсіпорнымен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылғанын хабарлайды.
Қазақстан футбол федерациясының лицензиялау жөніндегі комиссиясының отырысында 1ХВЕТ-Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан Республикасы біріншілігінің ойындарына жүйелі түрде қатыспағаны үшін «Қыран» футбол клубынан 2024 жылғы жарыстарға қатысуға лицензияны қайтарып алу туралы шешім қабылданды.
Бүгін Астанада Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Барменқұлов, испаниялық «Atlético de Madrid» футбол клубының президенті Энрике Сересо мен Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының төрағасы Данияр Әбілғазин балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрама мен «Қайрат» АФК капитаны Лео Игитамен және өзге де алматылық ойыншылардың қатысуымен болған жағдай ұйымның тиісті заңды органымен қарастырылатынын мәлімдейді.