Қазақстан футбол федерациясы мен Кәсіпқой футболшылар альянсы арасында жасалған меморандум аясында ҚФФ Президенті Әділет Барменқұлов, ұйымның Бірінші вице-президенті Олжас Абраев альянс президенті Асхат Тағыбергенмен кездесті.
Ташкентте ФИФА-ның қолдауымен түркітілдес елдер – Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Түркия, Мажарстан және Әзербайжан футбол қауымдастықтарының ресми өкілдері арасында кездесу өтті. Басқосуға УЕФА мен АФК өкілдері де қатысты.