Жаһандану дәуірінде елдер арасындағы спорттық қарым-қатынастар ерекше маңызға ие. Олар халықаралық деңгейде достық байланыстарды нығайтуға үлес қосып қана қоймай, тараптардың әрқайсысын тәжірибемен, технологиялармен және ресурстармен байытады. Осы тұрғыда Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) қызметі әлемдегі ең ірі футбол ұйымдары – ФИФА және УЕФА-мен тығыз ынтымақтастық орнатуға бағытталған.
Қазақстан футбол федерациясы 2023 жылдың 5 тамызынан бастап кеңсесінің бұрынғы мекенжайы бойынша орналасатынын хабарлайды: Астана қаласы, Алматы ауданы, Б.Момышұлы даңғылы, 5А, ҚФФ кеңсесі.
Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Андрей Дудин және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының бас директоры Сағдат Садықов мектеп оқушылары мен студенттер лигасының 2022/2023 жылғы маусымының қорытындысын талқылап, келесі маусымға арналған ынтымақтастық жоспарларын айқындады.