19-28 тамыз аралығында Ақтөбе қаласында 2011 жылы туған және одан кіші ойыншыларға арналған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтеді. Жарыс барлық кездесулерін «ОСДЮСШОР» стадионында қабылдайды.
Шымкент қаласында өтіп жатқан футбол орталықтары мен академияларының 2011 жылы туған балалар арасындағы чемпионатта «Тұран» және «Екібастұз» командаларының ойыны кезінде жаппай төбелес болды.
Ойындар Ә.Бөкейханов атындағы Binom мектебінің, Ы.Алтынсарин атындағы Binom мектебінің, 71 мектептің және халықаралық 81 мектептің алаңында, «Жас батыр» стадионында өтуде.
Футболдан балалар және жасөспірімдер турнирі алты жас санаты бойынша (2008-2009, 2010, 2011,2012, 2013-2014, 2015-2016) өтті. Мұнда 40-қа жуық команда бақ сынасты.
1 тамыз күні Freedom QJ League B турнирінің 11-турында ҚФФ U-16 Ұлттық академиясы «Алтай» U-18 командасымен сырт алаңда кездесті. Матч 2:0 есебімен қонақтардың сенімді жеңісімен аяқталды.