Шымкент қаласында өтіп жатқан футбол орталықтары мен академияларының 2011 жылы туған балалар арасындағы чемпионатта «Тұран» және «Екібастұз» командаларының ойыны кезінде жаппай төбелес болды.
Футболшының құқығын қорғау, денсаулық сақтау, мансабы аяқталған соң әлеуметтік және кәсіби бейімделуі: Астанада ҚФФ мен Қазақстан футболшылар кәсіподағы өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті
Алматы қаласында Қазақстан футбол федерациясы мен FIFA ұйымының таланттарды анықтау жөніндегі сарапшысы Стивен Морроудың қатысуымен жұмыс кездесуі өтті. Бұл сапар FIFA-ның Talent Development Scheme (TDS) атты жаһандық бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Аталған бағдарлама әр елде болашағы зор футболшыларды анықтап, оларды жүйелі түрде дамытуға бағытталған ұлттық құрылымды қалыптастыруды көздейді.
Қазақстандық маман Олжас Абраев УЕФА Еуропа лигасы аясындағы мальталық «Хамрун» мен израильдық «Маккаби» Тель-Авив арасындағы ойынға делегат болып тағайындалды.