Қазақстан футбол федерациясының делегациясы Италияның Неаполь қаласында өткен Naples Sports Law International Conference 2025 халықаралық конференциясына қатысты. Бұл форум – спорттық құқық саласындағы ең маңызды алаңдардың бірі саналады.
Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығы 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамдылық мерзімі аяқталған немесе аяқталатын УЕФА-ның «С», «B», «B-Goalkeeper», «A» және «Pro» санаттарындағы жаттықтырушы лицензияларын ұзарту және біліктілікті арттыруға арналған жыл сайынғы міндетті курстардың өтетінін хабарлайды.
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында Қазақстан футбол федерациясының ALAÑ бағдарламасы аясында Әмин Тұяқов атындағы стадионның футбол алаңын реновациялау жұмыстары аяқталды.
Астанада Қазақстан футбол федерациясы мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бірлесіп ұйымдастырған 11х11 форматындағы Qazaqstan Student League турнирінің финалдқ кезеңі өтті. Жарысқа еліміздің әр өңірінен 13 жоғарғы оқу орындарының командасы қатысты.
Қазақстан футбол федерациясының элиталық жасөспірімдер футболы бөлімінің жетекшісі Евгений Свешников ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында өз бөлімінің жұмысы, скаутинг бағытының дамуы және балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту жүйесін құруға қатысты міндеттер туралы айтып берді.
Орал қаласында Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен ALAÑ бағдарламасы аясында жаңғыртылған Петр Атоян атындағы стадионның футбол алаңы пайдалануға берілді.